Қазақстан халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілді
АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекованың 2012 жылғы 16 қарашадағы № 801-ші бұйырғымен
Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілді.
* * *
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы
2012 жылғы 16 қараша № 801
Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және:
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) оториноларингологиялық көмекті ұйымдастыруды және көрсетуді;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас оториноларингологы (С.Ж. Жандаев) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Құжаттың толық мәтіні .