Қазақстан халқының 97 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептейді

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстан халқының 97 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептейді.
None
None

Бұл туралы бүгін осы мәселеге байланысты арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген «Демократия институты» ғылыми-зерттеулер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жобасының директоры Юлия Кучинская журналистермен болған баспасөз-мәслихатында мәлім етті.

 Оның деректерінше, арнайы жүргізілген зерттеулер кезінде «Қазақстан дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептейсіз бе?» деген сауалға ел халқының 85 пайызы сенімді түрде «иә» деп жауап берсе, тағы 12 пайызы «дұрыс жолмен дамып кел жатқан болуы керек» деп жауап берген. «Зерттеу жұмыстарына еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 1 мың 500 респондент қатысты. Зерттеу жұмыстарына қатысты болжамдардың тек 2,5 пайызы қате болуы мүмкін. Сауалнама «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысымен жүргізілді»,-деді Ю.Кучинская.

Соңғы жаңалықтар