Қазақстан халқының АҚШ саясатына қатысты ойын білгенім дұрыс - Джордж Крол
«Бүгінде Американың бұқаралық ақпарат құралдарында ғана емес, Қазақстанның баспасөз беттерінде де АҚШ-тың саясатына қатысты сан алуан пікірлер айтылады. Әрине, ол пікірлер сыни тұрғыда айтылғанда барлығын бірдей қабылдай беру дұрыс емес. Дегенмен, оның өзі - пайдалы ақпарат. Өйткені мен өзім қазақстандықтардың АҚШ саясатына қатысты ойын біле аламын. Ал соның барлығын білмесем, айналаның бәрі иллюзия болып кетуі әбден мүмкін. Халықтың пікірі жақсы болмаса да, мен оны білуім керек. Сосын өз үкіметіме жергілікті халықтың басқаша ойлап отырғанын жеткізуім керек. Енді, бізге қатысты «Неге? Неге? Неге олай істеп жатыр?» деген сұрақтар көп. Мен оны жақсы білемін. Ол да дұрыс шығар», - деді Крол бүгінгі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік , бүгінгі баспасөз мәслихатында Джордж Крол Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде ашылатын Американың павильоны жайында хабардар етті. Сондай-ақ елш і өзінің киіз үйін көрсетті. Кролдың айтуынша, Қазақстан үкіметі де Американың демократиясына қатысты сын айтып отырады .