Қазақстан халқының берік достығы ежелден қалыптасқан және соның арқасында республика айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр - Фридрих Ким

АЛМАТЫ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыдағы Астана алаңында Қазақстан халықының бірлігі күні мемлекеттік мейрамы атап өтілуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап бұл күн мейрам ретінде атап өтілуде. 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын Қазақстан үшін бұл мереке дәстүрлі мейрамдардың біріне айналды.

Мерекелік шара аясында елімізде мекен ететін әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық ән-билерімен өнерлерін ортаға салуда.

Сондай-ақ арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру, эстафеталық жарыс сияқты спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Корей ұлттық мәдени орталығы төрағасының орынбасары Фридрих Николаевич Кимнің айтуынша, Қазақстан халқының берік достығы ежелден қалыптасқан және соның арқасында республика айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр.

«Корей диаспорасы 1937 жылдан бері Қазақстанда мекен етіп келеді. 70 жылдан аса осы жерге қоныс аударған басқа да ұлттармен және қазақ халқымен туысқан-бауыр ретінде араласып тұрып жатырмыз. Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлт өкілдеріне зор денсаулық, жақсы өмір тілеймін. Соның ішінде қазақ халқының қонақжайлылығын, қайырымды, кең пейілділігін атап өткім келеді. Сондықтан қазақ халқының гүлденіп, көркеюін тілеймін, ал біз Қазақстанның дамып өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз», дейді Ф. Ким.

Соңғы жаңалықтар