Қазақстан халқының бірлігі доктринасының патриоттық тәрбие беру бағыты «Менің елім!» идеясына негізделмек ? Е.Тоғжанов
АНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Қазақстан халқының бірлігі доктринасының патриотттық тәрбие беру бағыты «Менің елім!» идеясына негізделеді.
Бұл туралы бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Қазақстан халқының бірлік доктринасының негізгі бағыттары» тақырыбында «дөңгелек үстел» барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, аталған идея терең халықтық, әлеуметтік-философиялық мағынаға ие. «Ұлттық сипаттағы «Менің елім!» идеясы ешбір діни-қоғамдық көзқарастарға бағынбайды. Бұл - ел халқының туған Отанына деген сүйіспеншілігі мен махаббатының ортақ ұраны, - деді Е.Тоғжанов. Төраға орынбасарының пайымдауынша, «Менің елім!» идеясы Қазақстан халқының бірлігі мен татулықтың символына айналуы тиіс.