Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Алматыдағы Әуезов ауданында да тойлануда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұрынғы ұрпақ өкілдері 1 мамыр мейрамын еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні деп атаған. Бұл мейрам идеологиялық ұрандардың көптігімен ерекшеленген еді. Саяси құрылымның алмасуы және Қазақстан өз тәуелсіздігін алуы елдегі бірінші мамыр мейрамының мәнін өзгерткен болатын. Бұл мейрам қазір Қазақстанда тату-тәтті тұратын әртүрлі ұлт өкілдерінің сүйікті мейрамдарының біріне айналып отыр.
Аталмыш мерекелік шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары, көркем өнерпаздар ұжымдары, жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының басшылары, мектеп және ұлттық-мәдени орталықтарының директорлары қатысуда.
Сонымен қатар шара барысында алматылықтар мен қала қонақтарына арналып спорттық ойындар мен сурет салу жарысы өтуде.