11:32, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің әр тұрғын үшін ерекше мәні бар - Қ. Мәми
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми интернеттегі өзінің жеке парақшасы арқылы барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

«Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің әр тұрғыны үшін бұл мерекенің ерекше мәні бар. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен табыстары, ең алдымен, біздің көп ұлтты мемлекетіміздің барлық азаматтарының татулығы мен достығының, ынтымағы мен жасампаздығының нәтижесі екені даусыз. Жан жадыратар осынау жарқын мейраммен барша азаматтарды құттықтаймын! Біздің мәңгілік мекенімізде бірлік пен бейбітшілік, игілік пен тыныштық нығая түссін!», - деп жазды спикер интернеттегі парақшасында.