Қазақстан халқының бірлігі күні Павлодарда бәйге маусымы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы  «Құлагер» ипподромында өткен бәйгеге бес мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Қазақстан халқының бірлігі күні Павлодарда бәйге маусымы ашылды

«Біз құқықтары тең, достығы жарасқан тату отбасы тәріздіміз. Еліміздегі бейбітшілік пен келісім - мемлекетімізде тұрып жатқан халықтың мәдениеті мен даналығының жемісі. Өңірде қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту, тіл мен мәдениетті, салт-дәстүрді нығайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.  Қоғамдық келісім - тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі»,- деді өңір басшысы Болат Бақауов мерекеге орай құттықтауында. 

Мерекеге орай «Құлагер»  ипподромында бәйге маусымы ашылды. Сәйгүлікке мінген облыс әкімі  де ипподромда жүріп өтті.  Бәйгеге Павлодар облысы мен Астана, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінен шамамен 60 адам қатысты.



 Дәстүр бойынша үш қашықтық бойынша бәйге ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға теледидар мен темір тұлпарлардың кілттері табыс  етілді.