Қазақстан халқының бірлігі күнінде елордада ауқымды шаралар ұйымдастырылады
«1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнінде елордадағы мерекелік шараларға ерекше назар аударылып отыр. Осы айтулы мерекеге байланысты қаламызда 40-тан астам түрлі шаралар өткізіледі. Ал енді мазмұндық жағына келетін болсақ, бұл шаралар бірнеше бағытқа бөлінеді. Ең алдымен рухани-идеологиялық тұрғыда 1 мамырға дейін қаламыздағы ұйымдар мен кәсіпорындарда, оқу орындарында бірлік пен ынтымақтың құндылықтарын насихаттайтын шаралар өткізілуде»,-деді ол.
Өз кезегінде, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мереке күні қаладағы «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңдағы үш сахнада ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылатынын атап өтті. Осы күні бас сахнада өнер ұжымдарының 700-ден астам әртісі өнерлерін паш етпек.
Бұдан бөлек, сағат 10-нан 17-ге дейін шағын сахналарда қаланың этномәдени бірлестіктері өздерінің концертін көпшілік назарына ұсынбақ.
«Астананың бас алаңындағы мерекелік шараларға 100 мыңнан астам адам келеді деп күтілуде», - деді басқарма басшысы.