Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елордада бірқатар мерекелік шаралар өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта елордадағы «Думан» қонақ үйінің жанындағы паркинг аумағында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қамқорлығымен стритболдан (көше баскетболы) жарыс өтуде.
Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады.
Сонымен қатар, «Думан» ойын-сауық кешенінің жанындағы спорт алаңында графит қабырғаға сурет салудан және «breakdance» биінен жарыс басталды.
Шараға елорданың шығармашылық және би ұжымдары, ЖОО өкілдері, жастар ұйымдары мен танымал ди-джейлер - DJ Plexus, DJ Felix, DJ Max Pride, DJ Pavel Colt қатысуда.
Еске салайық, бүгін Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, отандық эстрада жұлдыздарының және елордалық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен фестивальдар, концерттер, спорттық сайыстар, түрлі көрмелер мен жәрмеңкелер өтіп жатыр. Бұл мерекелік іс-шаралар елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ.