Қазақстан халқының саны 16 млн. 615 мың адам болды - Ә. Смаилов

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 20111 жылдың 1 қазанында Қазақстан халқының саны 16 млн. 615 мың адам болды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смаилов мәлім етті.
None
None

Жыл басынан бері халық саны 1,1 пайызға көбейді. 9 айда 280 460 сәби дүние есігін ашса, 109 785 адам бақилық болды.

«Жалпы, өлім-жітім коэффиценті 2010 жылдың 9 айымен салыстырғанда төмендеді. Соның арқасында, табиғи өсім қарқыны жақсарды. Халықтың өлім себептерінің арасында барынша көп үлес салмағын әдеттегідей, қан айналым жүйесінің сырқаттары алып отыр»,- деді ол.

Жалпы, елдегі көші-қон үрдісіне тоқталған агенттік төрағасы, жыл басынан Қазақстанға 26 866 адам көшіп келгенін және 24 386 адам керісінше, өзге елдерге қоныс аударғанын мәлім етті. Көші-қонның оң динамикасы 2004 жылдан бері сақталып келеді. Халық тұрақты-тұрғылықты мекен ретінде төрт өңірді таңдауда - Алматы және Астана қалалары мен Маңғыстау, Алматы облыстары. Бұл аймақтарда келушілердің саны көшіп кеткендерден көп.

Соңғы жаңалықтар