Қазақстан халқының саны 16 млн. 896 мың адамды құрады - Статистика агенттігінің төрағасы

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқы саны 16 млн. 896 мың адамды құрады.

Қазақстан халқының саны 16 млн. 896 мың адамды құрады -  Статистика агенттігінің төрағасы

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайлов осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, бұл жыл басынан халық саны 1,4 пайызға өскен.

«Демографиялық статистика халықтың табиғи өсімі мен миграциялық үдеріс негізінен құралып отыр. Ал осы статистиканы жетілдіру үшін біз бірқатар шараларды атқарып жатырмыз. Бұл ретте «е-статистика» шеңберінде халықтың статистикалық тіркелімі жүйесін құрып жатырмыз. Осы статистикалық тіркелім бойынша Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрлігінен, Ішкі істер министрлігінен және Ұлттық қауіпсіздік комитеттерінен ақпараттарды алатын боламыз», - деді Ә.Смайылов.