Қазақстан халқының саны 17 миллионға толуы үшін 47 мың адам жетпейді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстандағы жалпы халық саны 42 мың адамға өсті.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 16 млн. 953 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар 54,8 пайызды, ал ауылдықтар 45,2 пайызды құрады. Жыл басынан бері Қазақстандағы жалпы халық саны 42 мың адамға немесе 0,2 пайызға өсті. Атап айтқанда он екі айдың ішінде, яғни былтырғы жылдың наурызымен салыстырғанда 236 мың адамға артып, 1,4 пайызға көтерілді», -деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, халықтың табиғи өсімі 41 мың адамға жетті. Ал былтыр 40 мың адам болатын.

«Қаңтар-ақпанда АХАТ органдарында 66 мың туылғандар тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 0,8 пайызға артық», деді Ә. Смайылов.

Соңғы жаңалықтар