Қазақстан халқының саны 20 миллионға таяп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы 1 маусымдағы дерекке сәйкес, еліміздегі халық саны 19 млн 879 мың адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқының саны 20 миллионға таяп қалды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам - қалада, ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам - ауылда тұрады.

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға келгендер саны 2022 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 91,8 пайызға артып, кеткендер саны 45 пайызға азайды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде.

ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі - 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайды.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам) қалаларында.