Қазақстан халқының саны келесі жылдың сәуірінде 17 миллионға жетеді

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың саны келесі жылдың сәуірінде 17 миллионға жетеді. Бұл туралы бүгін Астанада Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Қазақстан халқының саны келесі жылдың сәуірінде 17 миллионға жетеді

Агенттік басшысы қазақстандықтардың ұлттық құрамына да жіті тоқталды. 1 қазандағы жағдай бойынша, елде 10 млн. 945 мың 58 қазақ бар. Бұл халықтың 65 пайызын құрайды. Орыстардың саны 3 708 мың (22 пайыз), өзбектер - 504 мың (3 пайыз), украиндар - 308 мың (1,8 пайыз), ұйғырлар - 240 мың (1,4 пайыз), татарлар - 203 мың (1,2 пайыз), немістер - 181 мың (1,1 пайыз). 

«Желтоқсан айында республикадағы қазақтардың саны 11 миллионға жетеді деген болжам бар. Жалпы халықтың саны келесі жылдың сәуір айында 17 миллион болады», - деп атап өтті Ә.Смайылов.

Оның айтуынша, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 69,5 жас. «Келесі жылы өмір сүру жасы 70-ке жетеді», - деді ол.