Қазақстан халқының шамамен 15 пайызы - тақуа

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының шамамен 15 пайызы тақуа. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов айтты.

Қазақстан халқының шамамен 15 пайызы - тақуа

«Жалпы, толықтай алғанда елімізде халықтың 15 пайызы тақуа адамдар», - деді ол.

Айта кетерлігі, еліміздегі діни бірлестіктердің саны 2014 жылдың маусымындағы деректерге сәйкес 3481-ге жетті. Республикада 18 түрлі конфессияның өкілдері, оның 14-інде 445 миссионер жұмыс істейді. 344 миссионер 27 елдің өкілі. Ал қалған 101-і - Қазақстан азаматтары. Соңғы 3 жылда миссионерлер санының тұрақты түрде артып келе жатқандығы байқалады.