Қазақстан халық банкі ағымдағы жылы 40 млрд теңге мөлшерінде таза пайда табуды жоспарлауда

МАТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан халық банкі жыл басында болжанған 40-45 миллиард теңге көлеміндегі таза пайда табу туралы болжамын төменгі шекте орындамақ.

Қазақстан халық банкі ағымдағы жылы 40 млрд теңге мөлшерінде таза пайда табуды жоспарлауда

Бұл жайлы бүгін Алматыда "Қазақстан халық банкі" АҚ мен оның «Halyk group» қаржылық тобына кіретін еншілес ұйымдарының 9 айдағы біріктірілген қаржылық нәтижелерінжариялауға арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

«Қазақстан халық банкі мен оның "Halyk group" қаржылық тобына кіретін еншілес ұйымдарының 9 айдағы таза табысы 28,1 миллиард теңгені құрады. Бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары. Таза табыстың болжанған деңгейден төмен болуына «Halyk group» қаржылық тобына кіретін зейнетақы жнақтау қорының 3 тоқсанда шығынға ұшырауы түрткі болды. Оған ғаламдық нарықтағы дағдарыс әсер етті», - дейді «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның төрайымы Үміт Шаяхметова. Оның айтуынша, қазір зейнатақы қорындағы ахуал қайта жақсарды. Сондықтан 4 тоқсан табыспен аяқталып, жыл соңында банк пен оның қаржылық тобының таза табысы 40 миллиард теңгеге жуық болмақ. Бұл жыл басында болжанған 40-45 миллиард теңге көлеміндегі жоспардың төменгі шегі.