«Қазақстан халық банкі» АҚ 2009 жылы активтерін 22,5 пайызға ұлғайтты
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз қазір еліміздегі №1 банкпіз. Клиенттер қаржысының көлемі - 46,9 пайызға, капитал - 47,1 пайызға, пайыздық табыс - 0,7 пайызға өсті. Базель нормативіне сәйкес есептелген бірінші деңгейлі капитал жетімдігінің коэффициенті -16,9 пайызға, капиталдық жетімділік коэффициенті - 20,6 пайызға дейін артты», деді ол. Оның айтуынша, 2009 жылы 1,7 миллиард доллардың қарызын өтеді. Сондай-ақ 2010 жылы сәуір мен қыркүйек айларында төленуге тиісті 700 миллион доллардың циндикатталған заемын алдын-ала төлеп тастады. Енді 2015 пен 2017 жылдары төленетін 1,5 миллион долларлық сыртқы қарыздар ғана қалды. Жалпы желтоқсанның 31-індегі жағдай бойынша банктің нарықтағы үлесі: активтер бойынша - 17,2 пайыз, кредиттер бойынша - 16,9 пайыз, депозиттер бойынша - 20,7 пайыз, таза комиссиялық табыс бойынша - 21,4 пайызды құрады.