Қазақстан Халық банкі басқармасының құрамы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан халық банкі» АҚ басқармасының құрамында өзгерістер болды.
«Банктің директорлар кеңесінің 2015 жылғы 7 шілдедегі шешіміне сәйкес Талпақов Астан Бақтыгерейұлы басқарманың жаңа мүшесі болып сайланды», - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Талпақов Асталн Бақтыгерейұлы 1996 жылы «халықаралық бизнесте менеджмент» мамандығы бойынша "Черноризец Храбър" атындағы Варненский университетін бітірген.
А. Талпақов 1996-1997 жж. Карролл (АҚШ) колледжінің тілдер курсының тыңдаушысы болған. 1999 жылы бухгалтерліктен еңбек жолын бастаған ол одан әрі «Эллайд Саппорт» БК қаржы бөлімінің талдаушысы қызметін атқарды. 2000 жылы «Нұрбанк» ААҚ дилинг және халықаралық есептер басқармасының жетекші маманы, «Эллайд Саппорт» БК көлік және қаржы бөлімдерінің бухгалтері болған.
Талпақов банкте 2011 жылдың шілдесінен бастап корпоративті несиелеу департаментінің директоры қызметін атқарып келеді. Ол бұған дейін «RBS Казахстан» АҚ еншілес банкінде корпоративті бөлімнің менеджері қызметін де атқарған. Оның алдында ABN AMRO Қазақстан Банкінде түрлі қызметте болды.