Қазақстан халық банкі карточкалар жүйесі мәліметтер базасының өнімділігін оңтайландыру жобасын аяқтады
АЛМАТЫ. 11 шілде. ҚазАқпарат - РДТЕХ компаниясының мамандары Қазақстан халық банкі шығарған төлем карточкаларымен жүргізілетін операциялардың толық циклына қолдау жасайтын ақпараттық жүйені оңтайландыру жұмысын аяқтады.
Бұл туралы бүгін Алматыда «Қазақстан халық банкі» АҚ-ы карточкалар жүйесі мәліметтер базасының өнімділігін оңтайландыру жобасының аяқталғаны туралы баспасөз хабарламасында жарияланды.Аталмыш жоба нәтижесінде қаржы инстиутының карточкалар жүйесі көрсеткіштерінің PCI DSS мәліметтеріне қатысты қауіпсіздік стандарттарының жаңартылған талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілді. Мәліметтерді жаңа серверге көшіру арқылы банктің клиенттер туралы мәліметтермен жұмысының тиімділігі арттырылды.
Жалпы Payment Card Industry Data Security Standard (PCI DSS) - төлем карточкалары индустриясының Visa, MasterCard, American Express, JCB және Discover халықаралық төлем жүйелері бірлесіп тағайындаған Қауіпсіздік стандарттары жөніндегі кеңес жасап, әзірлеген төлем карточкалары индустриясы мәліметтерінің қауіпсіздік бойынша стандарты. Оның талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау аталған төлем карточкаларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жан-жақты, кешенді тұрғыдан қарастыруды білдіреді. Ал банк шығарған төлем карточкаларымен жүргізілетін операциялардың толық циклына қолдау жасайтын ақпараттық жүйені оңтайландыру жұмысын жасаған ақпараттық технологиялар нарығында 1992 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан РДТЕХ компаниясы. Оның негізгі қызметі - шешімдер қабылдауға қолдау жасаудың тиімді жүйесін жасау арқылы өз клиенттерінің бизнесіне қолдау көрсету. Компания ұсынатын қызметтер қатарына сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг, аудит және мәліметтер базасы мен қосымшаларының өнімділігін баптау, техникалық қолдау жасау, ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АТ-мамандарын әзірлеу кіреді.