Қазақстан халық банкінің Директорлар кеңесі жаңа мүшемен толықты

Сондай-ақ Қайрат Алпамышұлы Сатылғановтың Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтататынын хабарлады. Қ.Сатылганов «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Директорлар кеңесі мүшесі лауазымын 2004 жылғы қарашадан бастап атқарған болатын. Ал Ж.Нұрабаев желтоқсаннан бастап «АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Бұған дейін ол 1995 жылғы желтоқсаннан 2000 жылғы қарашаға дейін Алматы қалалық салық комитетінде бөлім бастығы, басқарма бастығы, Жетісу, Алмалы, Медеу аудандарының салық комитеті төрағасының орынбасары болды. 2000 жылғы қарашадан 2003 жылғы мамырға дейін «ТрансОйлИнвестментс» ЖШС қаржы директоры, 2003 жылғы мамырдан 2005 жылғы қыркүйекке дейін «АЛМЭКС» фирмасы» ЖШС қаржы директоры, 2005 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы шілдеге дейін «АЛМЭКС» холдинг тобы» АҚ-ның Қаржы директоры - Басқарма мүшесі және 2007 жылғы тамыздан 30 қарашаға дейін Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс жасаған еді.