Қазақстан Халық партиясының елорда филиалында жастардың тұрғын үй мәселелері талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. КазАқпарат – Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалында «Жастарға арналған қолжетімді баспана» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараны ҚХП Астана қалалық комитетінің Жастар қанаты ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар жастарға арналған қолжетімді баспана мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы түйткілді мәселелерді қарастырды.

Атап айтқанда, ҚХП республикалық сайлауалды штабының төрағасы Олжас Сыздықов жалақымен ғана шектеліп отырған жас мамандардар үшін мұның өзектілігін атап өтті.

Сондай-ақ «URANkz» РҚБ өкілдері және бірнеше күн бойы «қызыл автобусы» Қызылорда облысында жүрген Мәжіліс депутаттығына үміткер ҚХП мүшелері Қызылорда маңындағы проблемалар туралы айтып берді. Мысалы, мыңға жуық адам тұратын «Ягодка» және «Пищевик» саяжай алқаптарында ауыз су және маршруттық автобустар мәселесі шешімін таппаған. Ал Төңкеріс ауылында жергілікті тұрғындардың уайымы үйлерінің цемент зауытына жақын болуымен байланысты болып отыр. Қызыл автобус картасындағы тағы бір нүкте – Байқоңыр қаласының маңындағы Төретам кенті болды. Ауылдағы жалғыз көпқабатты үйдің тұрғындары кандидаттармен өз проблемаларын бөлісті.


Соңғы жаңалықтар
telegram