Қазақстан халықаралық қауымдастықта қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде абыройлы орынға ие болды

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық қауымдастықта қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде абыройлы орынға ие болды.

Қазақстан халықаралық қауымдастықта қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде абыройлы орынға ие болды

Бүгін Қазақстан Конституциясы күні мерекесіне орай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Конституция - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров осындай пікір білдірді.

Оның пайымынша, 1995 жылы Ата заңымыз қабылданған кезден бастап елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени әлеуетінің негізі қаланды. Қоғамға адам құқықтары туралы іргелі халықаралық құжаттардан қамтылған құқықтардың бүкіл спектры енді. Республикада тәуелсіздік жылдары мемлекеттілік пен экономика нығайды. Халықтың әл-ауқаты өсті. «Ұлтаралық келісімді сақтау үшін жағдай жасалды. Еліміз халықаралық қауымдастыққа нық кірді. Онда қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде абыройлы орынға ие болды», - деді ол.

Сондай-ақ өз сөзінде Мемлекет басшысының соңғы бағдарламалық мақаласына кеңінен тоқталған А.Шәкіров: «Бүгінде Елбасы қойған «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламалық құжаты елді индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, өзге де ауқымды жобаларды іске асыру адамның құқықтары туралы және көтермелеу мәселелерінде мемлекеттік қызметі күшейтуге жан-жақты ықпал етуге бағытталады», - деді.