Қазақстан Халықаралық менеджментті дамыту институты (IМD) рейтингінде былтыр 33-орын алды

АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық менеджментті дамыту институтыың (IМD) рейтингі бойынша 2010 жылы 58 елдің ішінде Қазақстан 33 -орын алды. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстанның экономикалық трансформациясы және рейтингтік агенттердің бағасы» деп аталатын халықаралық дөңгелек үстел мәжілісінде айтылды.
None
None

«Халықаралық менеджментті дамыту институты Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан. Оның Қазақстандағы ресми серіктесі - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ. IМD әдістемесі - халықаралық, аймақтық және ұлттық статистиканың 212, ал сауалнама деректері жоғары және орта деңгейдегі менеджерлердің 115 көрсеткішінен тұрады. Әдістеме бойынша бәсекелестік факторлары экономикалық қызметтің - 76, үкімет тиімділігінің - 71, бизнес тиімділігінің - 67, инфрақұрылымның - 113 қағидаттарынан тұрады», - дейді Экономикалық зерттеулер институтының Стратегиялық әзірлемелер және экономикалық зерттеулер орталығының директоры Шаһарбану Жақыпова. Ш. Шорманқызының айтуынша, IМD ғаламдық бәсекеге қабілеттік рейтингі бойынша, бұрынғы кеңестік республикалар арасында Қазақстан - 33, Ресей - 51, Украина - 57 орында тұр. Онда Қазақстан 2008 жылы - 39, 2009 жылы -36 орын алған болатын. Ресей осы аралықта сәйкесінше 48,49, 51 орындарға, ал Украина 55, 56, 57 орындарға табан тіреді.

«Рейтингте экономикалық қызмет факторы бойынша Қазақстан былтыр 43, үкімет тиімділігі факторы бойынша - 20, бизнес тиімділігі факторы бойынша -29, инфрақұрлым факторы бойынша - 39 сатыға орналасты. 2009 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда онда экономикалық қызмет және үкімет тиімділігі факторларында - 1 сатыға, бизнес тиімдігі мен инфрақұрылым факторларында - 5 сатыға ілгерілеушілек байқалады», - дейді экономика ғылымының кандидаты Ш. Жақыпова. Оның сөзіне қарағанда, бәсекелестіктің жалпы рейтингінде былтыр өзінің кейбір көрсеткіштерін төмендетіп алған. Атап айтқанда экономикалық қызмет факторы бойынша халықаралық саудада - 41, ішкі инвестиция мен жұмыспен қамтуда - 1 сатыға. Үкімет тиімділігі факторында институционалдық ортада - 11, қоғамдық құрылыста - 3 сатыға, инфрақұрылымдық факторда базалықта - 5, ғылымда - 15 сатыға кері кеткен.

Соңғы жаңалықтар