Қазақстан Халықаралық судьялар қауымдастығының толыққанды мүшесі атанды - ҚР Жоғарғы Сот төрағасы

ТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Қазақстан Халықаралық судьялар қауымдастығының мүшелігіне қабылданды. Бұл туралы бүгін елордада Жоғарғы Сот төрағасы Бектас Бекназаров мәлім етті.

Қазақстан Халықаралық судьялар қауымдастығының толыққанды мүшесі атанды - ҚР Жоғарғы Сот төрағасы

«Жаңа ғана Түркияның Ыстамбұл қаласында Халықаралық судьялар қауымдастығының жиынында дауыс беру аяқталды. Сіздерге белгілі, Халықаралық судьялар қауымдастығына 4 аймақтық топқа бөлінген 77 елдің ұлттық қауымдастықтары кіреді. Енді міне, Қазақстанның судьялар одағы Халықаралық судьялар қауымдастығының толыққанды мүшесі атанды, біз бұл биікке көп жылдар бойы талпындық және жеттік», - деді Б. Бекназаров.

«Әлем Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасқандығын мойындады», - деп атап өтті ол.