Қазақстан халықаралық жүк жөнелтілімі инфрақұрылымын дамытуда 81-орында тұр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халықаралық жүк жөнелтілімі инфрақұрылымын дамытуда 81-орында тұр. Бұл туралы Adani Group логистика бөлімшесінің жетекшісі Сандип Мехта айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Егер жаһандық статистикаға көз салар болсақ, Қазақстан жүк тасымалына қатысты жалпы индексте 71-орында, инфрақұрылымды дамытуда 81-орында және халықаралық жүк жөнелтілімінде 84-орында тұр. Өйткені, Қазақстанның теңізге шығатын жолы жоқ», - деді ол «Kazakhstan Global Investment Roundtable» жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел отырысында.
Осы орайда, шетелдік компания өкілінің дерегінше, жаһандық сауда-саттықтың 80 пайызы теңіз бағыты арқылы өтеді.
«Бұған қоса, біз темір жол көлігімен және құбырмен тасымалды да ескергеніміз жөн. Өйткені, Қазақстан мұнайлы ел саналады», - деді Сандип Мехта.