«Қазақстан ханымы - 2010» атағының иегері Г.Әлімгерейдің көйлегі аукционға шығарылады

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазақстан ханымы - 2010» байқауының жеңімпазы Гүлназ Әлімгерейдің көйлегі жақында қайырымдылық аукционына шығарылады.
None
None

Әлімгерейдің халықаралық сұлулық байқауының ақтық кезеңіне киген көйлектен түскен барлық қаражат мүмкіндіктері шектеулі балаларды емдеуге жолданады. Бұл туралы өзінің «Наряд королевы уйдет с молотка» атты мақаласында (2012 жылғы 17 мамыр, № 86 (17444) сагы) «Экспресс К»газетінің журналисті Татьяна Аладьина жазады.

«Әлем ханымы» жобасына арнайы тігілген қызыл көйлектің дизайнері Айгүл Қасымова. Гүлназ Әлімгерей көйлекті сахнаға киіп шыққанда, залда отырғандар арасында масаттанған сыбыстар жүріп өтті. Сымбатты әрі әдемі қазақстандық бойжеткен әділ қазылар алқасы мен кеш қонақтарын ерекше әсерде қалдырды. Өкінішке қарай, Гүлназ жеңімпаз тәжін иелене алмады, бірақ ақтық кезеңге шыққан жиырма қатысушының (байқауға жүлделі орындар мен ғаламның бірінші сұлуы атағы үшін 113 елдің әйелдері қатысты) қатарына енгенін үлкен жетістік деп санайды.

Сауда 3 маусым күні Favor Fish мейрамханасында өткізіледі. Барлық қаражат толық мөлшерде «Дара» қайырымдылық қорына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар