Қазақстан - ХХІ ғасырдың бейбітшіл, бітімгер мемлекетіне айналды - Вилен Молотов-Лучанский

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығындағы Қазақстан - ХХІ ғасырдың бейбітшіл, бітімгер мемлекетіне айналды.

Қазақстан - ХХІ ғасырдың бейбітшіл, бітімгер мемлекетіне айналды - Вилен Молотов-Лучанский

Бүгін ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы барысында сөз сөйлеген ҚХА мүшесі Вилен Молотов-Лучанский осылай мәлім етті.

Сөз арасында Ассамблея мүшесі Қазақстан ұлтаралық татулық мәселесінде әлемге үлгі боларлық ел екендігін айтып, оған нақты мысалдарды алға тартты. Мәселен, оның айтуынша, соңғы 70 жылда жер шарының әртүрлі нүктелерінде 150 ірі қарулы қақтығыстар орын алған екен. Оның 127-ісі ұлттық сипатта болды.

«Ал этнологтардың мәліметтеріне сүйенсек, әлемде 5 мыңға тарта этникалық топтар қауіпті қақтығыстар аумағында тұр. 300 мың жасөспірім-солдат жыл сайын соғыс қимылдарына қатысады. Мынаны қараңыз: Қазақстанда жыл сайын миллиондаған пұт астық қамбаға құйылады. Ал әлемде жаһандық азық-түлік дағдарысы тереңдеп келеді.  Күн сайын жер шарында 1 млрд.-қа тарта адам аш қалады. Көптеген елдерде өндіріс тоқтап жатыр. Ал бізде тек соңғы 2 жылда 400-ге тарта индустриялық жаңа жобалар іске қосылды. Сөйтіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығындағы Қазақстан - ХХІ ғасырдың бейбітшіл, бітімгер мемлекетке айналды», - деді Вилен Молотов-Лучанский.