Қазақстан хоккей құрамасы 2027 жылы әлем чемпионатын қай қалада өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2027 жылғы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында қай стадионда өткізетіні белгілі болды.
Халықаралық хоккей федерациясы А және В тобындағы ойындардың қай қалада болатынын ресми түрде жариялады. В тобындағы матчтар Дюссельдорф қаласына жоспарланған. Онда «ПСД Банк Доум» аренасында отандастарымыз Канада, АҚШ, Чехия, Словакия, Дания, Норвегия және Венгриямен шеберлік айқасады. Бұл арена 13 400 жанкүйерді қабылдай алады.
Ал А тобындағы Мангейм қаласындағы 13 600 жанкүйерге арналған «САП Арена» стадионында өткізіліп, онда Швейцария, Швеция, Финляндия, Германия, Латвия, Аустрия, Словения және Украина кездеседі.
Биыл элиталық дивизионнан Италия мен Ұлыбритания құрамалары түсіп қалды. Олардың орнын бірінші дивизионда алғашқы екі орынға ие болған Қазақстан мен Украина құрамалары ие болды.
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Канада — 28, Ресей (КСРО) — 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция — 11, Финляндия — 4, АҚШ — 3, Ұлыбритания мен Словакия 1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.