Қазақстан хоккей құрамасы Бірінші арна кубогында Ресейден жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Ресейдің Новосібір қаласында өткен Бірінші арна кубогы мәресіне жетті.

Қазақстан хоккей құрамасы Бірінші арна кубогында Ресейден жеңілді
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қазақстандық хоккейшілер екінші ойында Ресей құрамасынан 0:9 есебімен жеңіліп қалды. Олар бұдан бұрын Беларуське 1:4 есебімен жол берген еді.

Ел құрамасына белгілі қазақстандық маман Талғат Жайлауов жетекшілік етті.

Турнирде Ресей құрамасы чемпион атанса, Беларусь хоккейшілері екінші орын алды.

Қазақстан құрамасының жарысқа қатысқан құрамы төмендегідей:

Қақпашылар: Никита Бояркин («Барыс»), Роман Калмыков («Номад»), Владислав Пестов («Торпедо»);

Қорғаушылар: Тамирлан Гайтамиров, Артем Королев, Бейбарыс Оразов (барлығы — «Барыс»), Мәди Диханбек, Кирилл Никитин (екеуі — «Номад»), Эдуард Михайлов, Иван Степаненко (екеуі — «Сарыарқа»), Федор Хорошев («Торпедо»).

Шабуылшылар: Олег Бойко, Саян Данияр (екеуі — «Номад»), Александр Борисевич, Артем Лихотников екеуі — «Сарыарқа»), Андрей Буяльский («Полония Бытом», Польша), Максим Мусоров («Торпедо»), Роман Старченко, Вячеслав Колесников, Кирилл Ляпунов, Батырлан Муратов, Руслан Оспанов (барлығы — «Барыс»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

Соңғы жаңалықтар