Қазақстан хоккей құрамасы жолдастық кездесуде Словениядан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Словениямен жолдастық кездесуде басым түсті.
Бұл ойын Польшаның Тыхы қаласында өтті.
Кездесу барысында словениялық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Бұл голды 35-минутта Марк Севердің пасынан кейін Май Кренкич қақпаға енгізді.
Ойынның 39-минутында әріптесі Всеволод Логвиннің пасын қазақстандық Дмитрий Бреус голға айналдырды. Ал 58-минутта қазақстандық Роман Старченко кездесу нүктесін қойды. Оған әріптесі Аркадий Шестаков пас шығарып берді. Осылайша отандастарымыз қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер алғашқы оқу-жаттығу жиынын 17 сәуірге дейін Астана қаласында өткізді. Одан кейін Беларусьте 26 сәуірге дейін дайындық жүргізді.
Қазақстан құрамасының тізімі
Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі — «Барыс», КХЛ), Владислав Нурек («Горняк», Рудный);
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дмитрий Бреус, Самат Данияр (барлығы — «Барыс» КХЛ), Тамирлан Гайтамиров, Артём Королёв, Бейбарыс Оразов, Кирилл Никитин (барлығы — «Номад», Астана), Фёдор Хорошев («Торпедо», Өскемен), Эдуард Михайлов («Сарыарқа», Қарағанды)
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семён Симонов, Аңсар Шайхмедденов (барлығы — «Барыс», КХЛ), Артур Гатиятов, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Роман Старченко (барлығы — «Номад», Астана), Аркадий Шестаков («Адмирал», КХЛ);
Қазақстан құрамасының ойын кестесі
2 мамыр. Литва — Қазақстан
3 мамыр. Қазақстан — Жапония
5 мамыр. Қазақстан — Польша
7 мамыр. Украина — Қазақстан
8 мамыр. Қазақстан — Франция.
Аталған топта бірінші орын алған құрама 2027 жылы элиталық дивизионда бақ сынауға мүмкіндік алса, соңғы орынды місе тұтқан құрама В тобына түсіп қалады.