Қазақстан хоккейден Әлем Чемпионатының бірінші дивизионында Францияға жол берді
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Әйелдер арасындағы Әлем Чемпионатының бірінші дивизионында «В» тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы төртінші ойынында француз қыздарынан 0:3 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport.kz.
Алғашқы кезеңде қарсылас есеп аша алмаған болса, үзілістен кейін алаң иелері Дарья Обыденнова қорғаған қақпадан саңылау тапты. Үшінші кезеңде француздықтар тағы екі шайба соғып, қорытынды есепті тіркеді - 3:0.
Бүгін біздің қыздар қытайлықтармен ойнайды, басталуы Астана уақытымен 20:00-де.
Франция - Казахстан 3:0
Шайбалар:
1:0 - 22:12 Гискюэль (Аллемоз, Баудрит). Тең құрамда
2:0 - 49:39 Баудрит (Аллемоз). Тең құрамда
3:0 - 56:44 Рассард (Джоанни). Тең құрамда
Айып: 12:6 (2:2, 4:4, 6:0)
Соққылар: 33:12 (9:0, 11:5, 13:7).