Қазақстан хоккейшілері «Еурочеллендж» турнирінде жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы «Еурочеллендж» турнирінде алаң иелерін қапы қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аса тартысты өткен матчта қазақстандықтар шаршы алаң қожайындарын 2:1 есебімен ұтып, жеңісті жұлып алды. Осыған дейін жерлестеріміз екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен болатын.
Гданьскіде өткен бұл турнирде жерлестерімізге Польша, Оңтүстік Корея және Украина командалары қарсылас атанды.
Қазақстан - Польша 2:1 (2:0, 0:1, 0:0)
Шайбалар:
0:1 - 08:37 Савицкий (Никулин)
0:2 - 19:10 Петров (Рахманов)
1:2 - 31:28 Фражко (Запала, Чмелевски)
Фото: Waldemar Buszta