Қазақстан хоккейшілері Ресейдегі ҚХЛ ойындарында легионерлер саналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан және Беларусь хоккейшілері Ресейдегі ҚХЛ чемпионатының ойындарында легионерлер болып саналады, деп мәлімдеді КХЛ президенті Дмитрий Чернышенко.

Қазақстан хоккейшілері Ресейдегі ҚХЛ ойындарында легионерлер саналады

Бұл туралы Rsport.ru жазады.

Осындай шешім ҚХЛ директорлар кеңесінің кезектен тыс жиналысында қабылданды. РФ Спорт министрлігі жаздың соңында ресейлік хоккейдегі легионерлер туралы бұйрықты бекітті. Бұйрыққа сәйкес Беларусь және Қазақстан ойыншылары да легионерлер қатарында саналатын болады.