Қазақстан II Дүниежүзілік көшпенділер ойынында медаль саны бойынша екінші орынға көтерілді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - II Дүниежүзілік көшпенділер ойынының екінші күнінде Қазақстан 8 медаль еншілеп, медаль саны бойынша жалпы есепте 2-орынға көтерілді. Бұл туралы көшпенділер ойыны сайтында хабарланды.
13 медаль алған Ресей құрамасы (10 алтын, 2 күміс және 1 қола) үздік үштіктің басында тұр. Ал Қазақстан 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен екінші орында тұр. Грузия құрамасы 2 алтын, 1 күміспен үшінші орында.
Спорттық шараны ұйымдастырушы Қырғыз елі төртінші орында - 14 медаль ( 1 алтын, 3 күміс, 10 қола).
Еске сала кетейік, II Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 3-8 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өтіп жатыр.