Қазақстан IMD Швейцария бизнес-мектебінің әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері арасында алдыңғы орында

АЛМАТЫ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - IMD Швейцария бизнес-мектебі 25-ші әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады.
None
None

Онда 60 елдің арасында Қазақстан 34-ші сатыда тұр. Бұл бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Атап айтқанда бұл рейтингте Эстония -36-шы, Латвия 41-ші, Ресей 42-ші, Украина 49-шы сатыға табан тіреуде. Тізімдегі алғашқы ондыққа АҚШ, Швейцария, Гонконг, Швеция, Сингапур, Норвегия, Канада, БАӘ, Германия, Катар елдері енген.

Биыл АҚШ 2-ші орыннан бірінші сатыға көтерілсе, Гонконг 1-ден 3-ші орынға төмен сырғып отыр. Ал өз көрсеткішін Қазақстан 32-ден 34-ке төмендетсе, Түркия 38-ден 37-ге, Ресей 48-ден 42-ге жоғарылата алды.

Соңғы жаңалықтар