15:42, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
?Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі? атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
АЛМАТЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Ақпанның 11-12 күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде ?Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі? атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Конференция барысында қазіргі Қазақстанның ақпараттық және имидждік саясаты, еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру проблемалары, мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі мәселелері талқыланбақ. Конференцияға имидждік саясат және паблик рилейшенз саласындағы мамандар, отандық және шетелдік БАҚ қызметкерлері, журналистика теориясы, саясаттану саласының оқытушылары, халықаралық және республикалық ғылыми-білім беру қорлары мен ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, жас ғалымдар мен аспиранттар, ізденушілер қатысады. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.