Қазақстан импорттаушылары теңге бағамына қалай әсер етті - сарапшы
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының жетекші сарапшысы Зарина Скрипченко өткен аптада теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін айтып, алдағы аптаға болжам жасады.
Осы аптада ұлттық валютаның айырбас бағамы бір доллар үшін 0,6 пайызға, 442,02 теңгеге дейін.
Зарина Скрипченконың айтуынша, бұған әлемдік шикізат нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі туралы даулы пікірлер аясында мұнай бағамының құбылмалылығы, сондай-ақ Федералды резервтің мұнан әрі ақша-несие саясатының белгісіздігіне жауап ретінде АҚШ доллары индексінің ауытқуы ықпал етті.
«Жергілікті нарықта қазақстандық компаниялар тарапынан импорттық келісімшарттарды (2024 жылғы I тоқсанда 13 млрд доллар) және сыртқы борышты өтеу/қызмет көрсету (2024 жылғы II тоқсанда 6,5 млрд доллар), сондай-ақ Ұлттық банктің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының валюталық активтерін (мамырда 450-500 млн доллар шамасында) толықтыру мақсатында сатып алуды жүзеге асыру іс-қимылының нәтижесінде шетелдік валютаға сұраныстың артқаны байқалады», - деді сарапшы.
Ол келесі аптада қазақстандық экспорттаушы компаниялардың тоқсандық салық кезеңіне дайындық бастауы теңгенің нығаюына ықпал етуі мүмкін екендігін айтады. Ал салық кезеңінің шырқау сәті 27 мамырға жалғасады.