Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің 42 студентіне білім гранттары табыс етілді
ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес Оралдағы Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің 42 студентіне білім гранттары табыс етілді.
Университеттің атқарушы ректоры, профессор Нұрия Хабибуллинаның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұлардың бәрі де - үшінші және төртінші курстарда үздік оқитындар. Олар болашақта қазіргі таңда аса қажет радиотехника, телекоммуникация, есептеу техникасы және бағдарламалық қамту, автоматтандыру және басқару сынды мамандықтарды меңгермекші.
Жалпы, университетте қазіргі таңда 3 мыңнан астам студент білім алса, экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде 4,5 мың шәкірт оқиды.