Қазақстан интернет-қарақшылықпен күрес бойынша шетелдік тәжірибені қабылдауға дайын - Әділет министрі

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан интернет-қарақшылықпен күрес бойынша шетелдік тәжірибені қабылдауға дайын.
None
None

Бұл туралы бүгін VI АЭФ аясында өтіп жатқан «Зияткерлік меншік құқықтарын интернет желісінде қорғау: мәселелері мен келешегі» тақырыбындағы панельдік сессияда Әділет министрі Берік Имашев айтты.

«Бүгінде интернет-қарашылықпен күрес бағытында табысты тәжірибені белсенді қабылдау өте маңызды. Осы тұрғыда біз тығыз өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа дайынбыз. Атап айтқанда, бұл бағытта өзіміз үйреніп, жинақталған тәжірибемен достарымызбен бөлісуге әзірміз»,- деді ведомство басшысы.

Б. Имашев бүгінде елеулі емес материалдық шығындар арқылы қоғамдастыққа Интернет желісіндегі зияткерлік меншік нысандары әбден қол жетімді болғанын ескеріп өтті.

Өз кезегінде Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина Интернет пайдаланушылар саны қарқынды түрде артып келе жатқанына тоқталып, қазіргі кезде әлем халқының 40 пайызы аталған техниканы пайдаланып отырғандығын айтып өтті.

«Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда интернет желісін халықтың 53,5 пайызы пайдалануда. 2020 жылға қарай олардың санын 70 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр»,-деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар