Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсарту үшін не істейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан инвестициялық ахуалын жақсарту ішін бірқатар бастама жасайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірақатар бастамаларды іске асыру жоспарланған. Біріншіден, Шетелдік инвесторлар кеңесімен бірлесіп, осы жылдың бірінші жартыжылдығында Жақсартылған модельдік келісімшартты енгізу жұмысы аяқталады. Екіншіден, игерудің соңғы сатыларында тұрған мұнай-газ кен орындары үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салық енгізу мәселесі пысықталады», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Министрдің айтуынша, үшіншіден, жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде рәсімдерді оңайлату, ашықтықты қамтамасыз ету бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізіледі.
«Бірінші вице-министр М.Жөребековке, вице-министрлер А.Хасенов және А.Мағауовпен бірлесіп, заңнамаға тиісті түзетулер әзірлеуді және оларды мүдделі тараптармен пысықтауды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Болат Ақшолақов.