«Қазақстан инжиниринг» 2011 жылдың 9 айын 780 млн. теңгеге жуық табыспен аяқтады
Бұл жөнінде компания президенті Болат Смағұлов АҚ-ның қаржылық-шаруашылық нәтижесі қортындыларына арналған кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Қазақстан инжиниринг» компаниялары тобының өткізген өнімдерінің жалпы көлемі 24 млрд. теңгеден асты. Сондай-ақ азаматтық бағыттағы өнім өндіру 107 пайызға, ал теміржол кешеніне арналған өнімдер шығару 13 пайызға асыра орындалды.
«Қазақстан инжинирингтің» барлық өндірістік саласында қазіргі күні оң өзгерістер байқалады. Бұл мемлекет тарапынан қазақстандық қамтуды арттыруды ынталандыру саясатының тікелей жемісі», - деп атап өтті Б.Смағұлов.
«Қазақстан инжиниринг» компаниясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрамына кіреді және ҚР қорғаныс министрлігінің басқаруында.
Компания кәсіпорындары мұнайгаз, теміржол, агроөнеркәсіп, жылу-энергетика кешені, сондай-ақ әскери техникаларды шығару және жөндеу жұмыстарымен айналысуға маманданған. Компания құрамына 15 ұйым кіреді, оның 14-і машина жасау зауыттары болып табылады.