«Қазақстан инжиниринг» АҚ-да еншілес және тәуелді ұйым жетекшілерінің кеңейтілген жиыны өтті
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-да еншілес және тәуелді ұйым жетекшілерінің кеңейтілген жиыны өтті.
Компания басшылығы 2013 жылды қорытындылап, 2014 жылдың жоспарымен бөлісті.
Бұл туралы «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Жиылғандардың алдында сөз сөйлеген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ төрағасы Болат Смағұлов «компанияның алға қойылған жоспарлы міндеттеріне қол жеткізгенін» айтты. Б.Смағұлов компания тобы көрсеткішінің тұрақты өскенін ерекше атап өтті. Ол «Қазақстан инжиниринг» компаниясының Fitch Ratings агенттігінің халықаралық рейтінгісінде «Тұрақты» дамып келе жатқан ұйым деп бағалануымен көрініс тапқан.
«Аяқталып келе жатқан жылы біз екі инвестициялық жобаны іске қостық, - деп хабарлады Болат Смағұлов. - Біріншісі - «Қазақстан Aselsan инжиниринг» электронды-оптикалық құралдар зауытының іске қосылуы, екіншісі - «Семей инжиниринг» АҚ-да өндірістің жаңартылуы. Екі кәсіпорын да бірегейлігімен ерекшеленеді. Елдің қорғаныс қабілетін арттыруда маңызды рольге ие».
Жалпы алғанда компания тобы бойынша соңғы үш жылда инвестиция көлемі 25 миллиард теңгені құраған. Инвестициялар трансферті 200 миллион доллардан асқан. Компания тобының ғылыми зерттеулеріне шамамен 80 миллион теңге бағытталған.
Ал соңғы үш жылдың ішінде республикалық бюджетке шамамен 16,5 миллион теңге салық төлеген.