«Қазақстан инжиниринг» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» АҚ директорлар Кеңесінің өкілеттік мерзімнің аяқталуына байланысты ағымдағы жылдың 4 мамыр айында, компанияның жалғыз акционерінің шешімі бойынша директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Директорлар кеңесінің жаңа құрамына 3 жыл өкілеттік мерзім бойынша 7 адам кірді. Директор Кеңесінің төрайымы болып Райымбеков Сайлаухан сайланды.

«Қазақстан инжиниринг» АҚ директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

2016 жылы 4 мамыр айында «Қазақстан инжиниринг» АҚ директорлар Кеңесінің қалыптасқан құрамы:

Сайлаухан Райымбеков - директорлар Кеңесінің төрағасы;

Ержан Тұтқышев - «Самұрық-Қазына» АҚ дамушы салалары бойынша басқарушы директоры;

Медер Мәселов - «Қазтехнология» АҚ басқарма төрағасы;

Ерлан Ыдырысов - «Қазақстан инжиниринг» АҚ басқарма төрағасы;

Дмитрий Ларионов - тәуелсіз директор;

Ержан Есенжолов - тәуелсіз директор,

Серікжан Жәкенов - тәуелсіз директор.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басшылық Кодексінің талаптарына сай директор кеңесінің құрамынан мемлекеттік органдардың шенеуніктері алып тасталынғаны туралы атап айтамыз, деп хабарлады «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.