«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

48 жастағы Б. Әбдірайым бұрын ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ басқарған, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болған. Парламенттегі ҚР Президенті өкілдігінің басшысы, ҚР Парламенті Сенатының Аппарат басшысы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы және ҚР Жоғарғы Арбитражды сотының судьясы қызметтерін атқарған.

ҚР ҰҒА құрметті академигі, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Оның алдында Директорлар кеңесінің төрағасы болған Сергей Громов ағымдағы жылдың тамыз айында Президент жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар