«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да кадрлық тағайындаулар орын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компания басқармасының төрағасы болып Ыдырысов Ерлан Сапарғалиұлы тағайындалды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да кадрлық тағайындаулар орын алды

Ерлан Ыдырысов «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниялар тобында 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Түрлі лауазымдарды атқарған: «Тыныс» АҚ бас директорының орынбасары, техникалық саясат және инновациялар департаментінің директоры және т.б. 2014 жылғы 29 тамыздан бастап «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.

Осы шешіммен Сұлтанбеков Қанат Таңатарұлы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.