18:36, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
"Қазақстан ипотекалық компаниясы"Ипотекалық ұйымы" АҚ-ның алғашқы жартыжылдықтағы таза табысы 1 059 736 мың теңгені құрады
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда "Қазақстан ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ жартыжылдықтың қорытындысы туралы баспасөз мәлдімдемесін таратты.

Аудиттелген қаржылық есеп қорытындысы бойынша компанияның кірісі 6 605 991 мың теңгені, ал таза табыс 1 059 736 мың теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңін акционерлік қоғам шығынмен аяқтап, ол 3 212 274 мың теңге көлемінде болған еді. Биыл оның активтері 238 577 мың теңгеге, міндеттемелері 238 577 мың теңгеге ұлғайып отыр. Шілденің 1-інде активтер - 103 471 283 мың теңге, ал міндеттемелер - 80 855 657 мың теңге болды. Жеке капитал - 302 764 мың теңгеге, қарыз қоржыны - 2 006 492 мың теңгеге кеміді. Ал олардың жалпы көлемі жеке капиталда - 22 615 626 мың, қарыз қоржынында - 66 021 780 мың теңгені құрап отыр. 1-ші жартыжылдықта компанияда 107,5 миллиард теңгенің облигациясының 21 шығарылымы тіркелді.