«Қазақстан ипотекалық компаниясы» жалға берілетін тұрғын үйлерді салу үшін 2 еншілес компания құрады

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясындағы «Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана» бағытының операторы болып табылады. Қазіргі таңда компания өңір әкімдіктерімен және Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттікпен бірлесіп, жалға берілетін үйлер салынатын жер телімдерін анықтау және еншілес компаниялар құру жөніндегі жұмыстар жүргізуде», - делінген хабарламада.
Компания «Қазақстанның түрғын үй-құрылыс компаниясы» АҚ және «Бірыңғай төлем жүйесі» ЖШС сияқты еншілес ұйымдар құруды жоспарлап отыр.
Ақпаратқа сүйенсек, әкімдіктер жалға берілетін тұрғын үйлер салынатын жер телімдері мен әлеуетті арендаторлардың тізімдерін «Қазақстан ипотекалық компаниясына» береді.
Ал компания өз кезегінде, тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етеді, пәтер жалдаушылардың төлем қабілеттерін бағалайды және арендаторлардың нақты пулын жасақтайды. Одан кейін «Қазақстанның түрғын үй-құрылыс компаниясы» жобалау-сметалық құжаттарды жасау, құжаттарды мемлекеттік сараптаудан өткізу және әлеуетті құрылыс жүргізушілерді анықтау жұмыстарын жүргізеді, құрылыс жұмыстарының барлық кезеңін бақылайды, жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдап алуды және іске қосуды қамтамасыз етеді.
Құрылысы аяқталған баспана Бірыңғай төлем жүйесінің аясында бөлінеді және осы жүйенің аясында жалға беру келісімшарттары жасалады.
«Соңғы жылдары еліміздің ипотекалық нарығы оң динамика көрсетіп отыр. Жақын арада ипотекалық несиелендірудің шарттары қазіргіден де жұмсаратын болады деуге болады, себебі нарықты дамытуда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары үлкен роль атқарады», - делінген «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-гың хабарламасында.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын іске асырудың барысында еліміздің барлық өңірінде шамамен 3 млн. шаршы метр жалға берілетін баспана салу жоспарлануда, оның ішінде 2014-2015 жылдары -250 мың шаршы метрге дейін, ал 2016 жылдан бастап жыл сайын 500 мың шаршы метрге дейін жалға берілетін баспана тұрғызылмақ.