Қазақстан Иран арқылы Парсы шығанағына шыға алады – Көлік комитеті
«Иран бағытының әлеуетін қазір 19 пайыз көлемінде ғана пайдаланып отырмыз. Сондықтан бұл маршрутты қолдануда үлкен әлеует бар. Бұл біздің Парсы шығанағына шығуымызға мүмкіндік береді. Парсы шығанағы арқылы Үндістанға, одан әрі ашық теңіз жолдарымен Еуропа нарығына өтуге болады. Оның үстіне өткен айда ғана Мемлекет басшысы Иранда болды. Сол кезде контейнер таситын пойыз демонстрациялық сапар жасады. Қазақстан. Түрікменстан, Иран аумақтарын басып өткен бұл пойыз Түркияға тікелей шықты. Бұл да әлеуеті жақсы машруттардың бірі», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ол Қазақстанның Орталық Азиядағы ең негізгі көлік-логистикалық хабқа айналатын мүмкіндігі бар екенін еске салды.
«Бұлардың бәріндегі негізгі жоспарымыз – Қазақстанды Орталық Азияның басты көлік-логистикалық хабына айналдыру. Ол үшін бүкіл алғышарттар бар. Көлік инфрақұрылымының қаңқасы құрылған. Қазір сол әлеуетті күшейтілген режимде кеңейту керек», - деді Қасым Тілепов.
Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырған еді.
Фото: atameken.kz