Қазақстан IРho-ның өткізу арқылы ғылыми әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғандығын байқатты - Эквадорлық қатысушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрлі ғылыми олимпиадаларды өткізу мемлекеттің болашақ дамуы үшін өте маңызды. Бұндай пікірді Астанадағы Физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиадаға (IРho) Эквадордан келіп қатысқан Джиованни Рикардо айтты.

Қазақстан IРho-ның өткізу арқылы ғылыми әлеуетті дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғандығын байқатты - Эквадорлық қатысушы

«Қазақстанда IРho-ның өтуі - бұл технологиялық және ғылыми әлеуетті дамытуға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуінің көрсеткіші», - деді Дж.Рикардо.

Сонымен қатар Эквадор өкілі осындай ауқымдағы олимпиаданы ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті талап ететінін және Қазақстан оны жоғары деңгейде өткізгендігін атап өтті.

Эквадорлық жас физик осындай олимпиадаға екінші рет қатысып отырған екен. Осы орайда ол Қазақстандағы IРho айрықша есінде қалатынын атап өтті.

«Маған олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қатты ұнады. Қатысушылардың көптігіне қарамастан, осы білім сайысын өткізуге барлық қажетті жағдай жасалды. Осында өзімі жаңа достарды тауып, Қазақстанның халқы мен мәдениеті жайында қызықты мәліметтер алдым», - деді ол.